П.Порошенко: Украина Қазақстан мен Белоруссияға қатысты санкция енгізбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина президенті Петр Порошенко Украинада Кедендік одақ бойынша Ресейдің әріптес елдері Белоруссия мен Қазақстанға қатысты санкция енгізуге еш негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА-Новости.

П.Порошенко: Украина Қазақстан мен Белоруссияға қатысты санкция енгізбейді

«Біздің әріптестеріміз болып табылатын Қазақстан мен Белоруссияға қатысты санкциялар енгізу туралы әңгімелердің жүруі негізсіз», - деді Порошенко бейсенбі күні баспасөз мәслихатында журналистердің тиісті сауалдарына жауап беруі кезінде.

Осыған дейін украиндық билік Ресейге қарсы санкциялар әзірлеп жатқанын хабарлаған болатын.