П.Порошенко Украинаға Ресей әскерінің кіргенін мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Президенті Петр Порошенко Украинаға Ресей әскерінің кіргенін мәлімдеді. Ол Түркияға сапарын тоқтатып, шұғыл түрде Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесін шақырды, деп хабарлады РБК.
None
None

«Донецк облысында, атап айтқанда, Амвросиевка пен Старобешевода жағдай күрт ушығуына байланысты Түркия Республикасына жұмыс сапарымды тоқтатуға шешім қабылдадым. Себебі, Украинаға Ресей әскері кірді», - деп мәлімдеді Порошенко.

Сонымен қатар, мұндай жағдайда Президенттің орны Киевте болуы керектігін айтқан Порошенко алдағы іс-қимылдар жоспарын жасау үшін Украинаның ҰҚҚК отырысы өтетінін хабарлады. Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын жедел шақырту қажет деп санайды. «Әлем Украинадағы күрт ушыққан жағдайға баға беруі тиіс», - дей келе ол Украина Еуроодақтың шұғыл кеңесін шақыру үшін еуропалық әріптестеріне жүгінетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар