Пациенттер әзірге медициналық көмектің сапасына толық қанағаттанады деп айта алмаймыз - «Ұлттық медициналық холдинг» Басқарма төрағасының орынбасары

ТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздегі клиникалардың басқару шарасы ылғи да пациенттердің көңілінен шыға бермейді.

Пациенттер әзірге медициналық көмектің сапасына толық қанағаттанады деп айта алмаймыз - «Ұлттық медициналық холдинг» Басқарма төрағасының орынбасары

Себебі онда экономикалық тиімділік жоқ. Пациенттер дер кезінде әрі өзіне қажетті көмекті ала да бермейді. Астанада өтіп жатқан «Болашақ госпиталі» II халықаралық медициналық іскерлік форумында «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Тамара Ващенкова осындай ой білдірді.

Оның пікірінше, қалыптасқан мәселені басқарушылар мен мықты менеджерлер шеше алады. Олар клиниканың жұмысын денсаулық сақтау үдерісінің ең басты қатысушылары болып табылатын пациенттердің қажетті көмекті дер кезінде әрі сапалы, сондай-ақ қажетті көлемде ала алатындай етіп ұйымдастырулары керек. «Жалпы «Болашақ госпиталі» дегеніміз, медицинаның ең соңғы стандарттары негізінде экономикалық жағынан алғанда да, технологиялық жағынан алғанда да тиімді жұмыс істейтін ұйым. Ал біздің пациенттер қазір медициналық көмектің сапасына толық қанағаттанады деп айта алмаймыз. Біз осы мәселені халықаралық, әлемдік деңгейдегі стандарттарды енгізу арқылы шешуді мақсат етіп отырмыз»,-деді Т.Ващенкова.