Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіледі

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми-медициналық орталықта Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Байжүнісовтің төрағалығымен Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіледі.

Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық  кеңестің кезекті отырысы өткізіледі

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның жұмысына ҚР Парламент депутаттары, республикалық денсаулық сақтау, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, трансплантология саласының, есірткіге тәуелді адамдарды емдеуші жетекші мамандар қатысады деп күтілуде.

Күн тәртібінде тіндер мен ағзаларды траспланттау, есірткіге тәуелді адамдарды апиындық орынбасушы терапия арқылы емделуін ары қарай жүзеге асыру жөніндегі мәселелер талқыланады.