«Пахтакор» командасын еске алуға арналған турнирге қазақстандық футболшылар қатысты

ТАШКЕНТ. Тамыздың  13-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - «Пахтакор»   футбол  командасының  ұшақ  апатында  опат болғанына  30 жыл  толғанын  ҚазАқпарат   бұдан бұрын хабарлаған болатын.   «Еңбек  өтілдері»   ұзақ   жанкүйерлер   Владимир  Федоров, Михаил  Ан   сынды футболшылардың   тамаша ойындарын  әлі  ұмытпаған.  1979     жылғы үлгідегі    осынау команданы еске  алу   құрметіне  Ташкентте    дәстүрлі  халықаралық  жасөспірімдер  турнирі  болып   өтті.

«Пахтакор» командасын еске алуға арналған турнирге    қазақстандық футболшылар қатысты

Бұл жолы  турнирге  1993 жылы туған  футболшылар  қатысты.    Додаға      Өзбекстанның    футболшыларымен    қоса,  қазақстандық спортшылар  да  қатысты.   Іріктеу   ойындарынан  кейін ақтық  ойында         жас пахтакорлықтар  мен    мубаректік «Машъала»     командасы  кездесті. Ташкенттік    жасөспірімдер     қарсыластарын  айқын басымдықпен - 4:0 есебімен жеңді.  Дегенмен,  қонақтар да қарап қалмады.    Халықаралық турнирдің  үшінші  орыны   Шымкент  футболшыларына  бұйырды.   Олар    шешуші     ойында  «Пахтакор»  футбол  академиясының  екінші   құрамын  2:1 есебімен жеңді.

Осыдан 30 жыл бұрын - 1979 жылы тамыздың  11-інде  Украинаның Днепродзержинск  қаласының аспанында   екі ТУ-134     жолаушылар    ұшағы   соқтығысқан болатын.   Лайнерлердің бірінің  бортында   жоғарғы лиганың футбол  командасы  - Ташкенттің  «Пахтакоры»  болған  еді.  Сол  апатта  барлығы 178 адам қаза тапты.     Сот   екі  авиадиспетчерді де кінәлі   деп тапқан болатын.  Қаза болғандардың ішінде    «Пахтакордың»  14  ойыншысы,   команда әкімшісі мен  дәрігері, сондай-ақ   жаттықтырушысы  болды. Олар   Минск  қаласына  жергілікті «Динамомен»   кездесуге  бара жатқан еді.