Пак Кын Хе Н. Назарбаевқа екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделілік танытқаны үшін алғыс білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Пак Кын Хе Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Пак Кын Хе Н. Назарбаевқа екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделілік танытқаны үшін алғыс білдірді

«Мен Сіздің Мемлекет басшысы лауазымында болған кезіңізде Қазақстан Республикасы өз дамуы мен өркендеуін жалғастыратынына, ал елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая беретініне сенімдімін. Біздің елдеріміздің екіжақты қарым-қатынастарын дамытуға мүдделілік танытқаныңыз үшін алғысымды қабыл алыңыз», - делінген жеделхатта.

Корея Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық пен бақыт, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.