Пакьяо: Головкиннің Альварестен басымдығы айқын

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО) The Manila Times басылымына берген сұхбатында қыркүйекте өтетін Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жеке қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Sports.kz.

Пакьяо: Головкиннің Альварестен басымдығы айқын

- Бұл екі боксшы үшін де жақсы жекпе-жек болады. Мен GGG-нің қарсыласынан айқын басымдығы бар деп есептеймін. Головкин де, Альварес те мықты боксшылар, сондықтан бұл жерде болжам жасау қиын, - дейді Пакьяо.

Айта кетейік, Головкин-Альварес кездесуі 16 қыркүйекте өтеді.