Пакьяо Ханға жойқын бір соққысын дарытса, Амир сұлап түседі - Флойд Мейвезер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал америкалық бапкер Флойд Мейвезер-үлкен Мэнни Пакьяо мен Амир Хан арасындағы жекпе-жекке болжам жасады.

Пакьяо Ханға жойқын бір соққысын дарытса, Амир сұлап түседі - Флойд Мейвезер

"Пакьяо жағдайы бітті демеймін, алайда ол Теренс Кроуфордті тізе бүктіреді дегенге сенбеймін. Амир Ханды жеңе алады. Бәрі Ханның жекпе-жекке қандай бабында келетініне байланысты. Барлық адам қартаяды. Амирдың жағы темірден жаратылғандай. Дегенмен, Пакьяо Ханға жойқын бір соққысын дарытса, Амир сұлап түседі", - дейді үлкен Мейвезер.

Айта кетейік, Пакьяо - Хан арасындағы жекпе-жек 20 мамыр күні БАӘ-де өтеді.