Пәкістан: АҚШ-тың басқарылмайтын зымыраны 13 адамның өмірін қиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан әскерилерінің мәлімдеуінше, Солтүстік Вазиристанда америкалық басқарылмайтын зымыран соққысы салдарынан кемінде 13 адам қаза тапты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Пәкістан: АҚШ-тың басқарылмайтын зымыраны 13 адамның өмірін қиды

Қазіргі уақытта Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас өңірінде «Талибан», «Әл-Каида» және басқа да топтардың содырларына қарсы ауқымды операция жүргізілуде.

АҚШ маусым айынан бері бұл өңірде жарты жылға жуық уақыттан бері қолданылмай келе жатқан басқарылмайтын зымырандарды қайта пайдалана бастаған. Ал, Пәкістан билігінің ақпараттарына қарағанда, басқарылмайтын зымырандарды қолдану туралы алдын ала келісім жоқ.