Пәкістан ғарышқа алғашқы ғарышкерін ұшырмақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан Қытайдың көмегімен 2022 жылы орбитаға өзінің алғашқы ғарышкерін жіберуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Пәкістан ғарышқа алғашқы ғарышкерін ұшырмақшы

Бұл туралы журналистерге Пәкістанның ақпарат министрі Фавад Чоудхри Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның ҚХР-ға жасайтын сапары алдында мәлім етті, деп хабарлайды Times of India газеті.

Пәкістан ақпарат министрі Қытай мен Пәкістан арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті.
«Исламабадтың пәкістандықты алғаш ғарышқа ұшыруы туралы ниеті Пәкістанның қарсыласы - Үндістанның 2022 жылы орбитаға өздігінен алғашқы ұлттық басқарылатын миссияны жіберетінін жариялауына байланысты болуы мүмкін. Осылайша, Исламабад ғарыш саласында Нью-Делидің алдын орамақшы», деп болжап жатыр Үндістанның баспасөз құралдары. null

Еске салайық, өткен аптада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты серіктестіктің әскери-техникалық және ғарыш, киберқауіпсіздік салаларындағы түрлі қырлары талқыланған еді.