Пәкістан: лагерьлерде жанкештілікке дайындаған 200 бала табылды
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Пәкістанның қауіпсіздік күштері Солтүстік-Батыс шекаралық провинциясында өздері басып алған экстремистік лагерьлерден жанкештілікке дайындаған 200-дей баланы тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Олардың ең кішкентайы - небәрі 6 жаста болса, қалғандары одан сәл ересек болған. Бұл туралы телеарнада сөйлеген сөзінде провинция үкіметінің министрі Башир Ахмад Билоур мәлім етті.
Оның айтуынша, жас жанкештілермен болған алғашқы әңгімелер әзірге ешқандай нәтиже бермей отыр. Балалар лаңкестердің шынайы мақсаттарын ашу мақсатында келтірілген ешқандай дәйекті естуге дайын болмаған. Олармен күшті психологиялық жұмыс жүргізілгендіктен, олар жанкештілік жасағаннан кейін жұмаққа баратындарына сеніп отыр.