09:12, 28 Наурыз 2016 | GMT +5
ПӘКІСТАН: Лахордағы жарылыс құрбандарының 30-ға жуығы - балалар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Лахор қаласында жанкештінің өз-өзін жарып жіберуі салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті, соның 29-ы - балалар, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Полиция комиссарының орынбасары Мохаммад Усман бұған дейін жарақат алған адамдардың саны 190-нан асқанын мәлімдеген.
Жарылыс жексенбі күні таңертең, қала орталығындағы Гүлшан-и-Икбал саябағының жанындағы көлік тұрағының қасында, ойын алаңынан бірнеше метр жерде болды.
Бұл жерде Пасха мерекесін тойлау үшін бүкіл отбасымен жиналған жергілікті христиандар көп болған.