Пәкістан мен Үндістандағы су тасқынынан 200-дей адам қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан Премьер-министрі Наваз Шариф елдегі су тасқынына қатысты Үкіметтің шұғыл отырысын өткізді, деп хабарлады ВВС.
Осы үш күннің ішінде Пәкістанда су тасқынынан қайтас болғандардың саны 110-ға жеткен.
Көрші Үндістанда да соншалықты адам қаза болуы мүмкін. Құтқарушылардың кейбір шалғайда жатқан ауыл, аймақтарға жете алмауы себебінен зардап шеккендер саны анықталған жоқ, деп жазады шетелдік БАҚ.