Пәкістан мешітінде жарылыс болды: 40 адам қаза тапты

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Пәкістанның солтүстік-батысындағы Джамруд елді мекенінде қуатты жарылыс болып, кем дегенде 40 қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

Пәкістан мешітінде жарылыс болды: 40 адам қаза тапты

Қуаты орасан жарылғыш затты жанкешті-лаңкес жергілікті мешіттердің бірінде жұма намазы кезінде іске қосқан.

Жергілікті полицияның нақтылауынша, бұл лаңкестік - пәкістан экстемистері деп аталатын Техрик-и-талибан Пәкістан содырлар тобының әрекеті болуы әбден мүмкін көрінеді. Өйткені олар осы Оңтүстік Азия аймағында көптеген лаңкестіктерді жасап, мойындарына алғандар.