16:42, 31 Қазан 2019 | GMT +6
Пәкістан пойызындағы өрт: Қаза болғандар саны 73-ке жетті
ИСЛАМАБАД. АРР-ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Пәкістанда Карачиден Равалпиндиге бара жатқан жүрдек пойызда тұтанған өрттен мерт болғандар саны 73-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат APP-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін апат құрбандары алпыстан асқанын хабарлаған едік.
Өрт жолаушылар өздеріне таңғы ас әзірлеп жатқан кезде газ баллонының жарылуынан шыққан. Жалын эконом-санаттағы екі вагонды және бизнес-санаттағы бір вагонды шарпыған.
Елдің теміржол көлігі министрі Шейх Рашид Ахмедтің мәлімдеуінше, қазір өрт сөндірілген.
Оның айтуынша, құрбандардың көбі - тілсіз жаудан құтылу үшін пойыздан секіріп қаза тапқандар.