Пәкістан Президенті болып М. Хуссейн сайланды

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Пәкістан Президенті болып билік басындағы «Пәкістан мұсылмандары лигасы» партиясының атынан үміткер болған Мамнун Хуссейн сайланды, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

Пәкістан Президенті болып М. Хуссейн сайланды

Жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуынша, саясатқа бизнестен келген М.Хуссейн Ұлттық ассамблея мен сенатта 277 дауыс жинаған. Ол 12-ші мемлекет басшысы болып отыр.

М. Хуссейн президенттік өкілеттілігі қыркүйек айында тоқтайтын Асифа Али Зардаридің орнына келмек.