Пәкістан ядролық оқтұмсықты тасымалдаушы зымыранды ойдағыдай сынақтан өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан бүгін шағын қашықтықтағы «Хатф-3» баллистикалық зымыранын ойдағыдай сынақтан өткізді, ол қарапайым, сондай-ақ ядролық оқтұмсықтармен жарақтандырыла алады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Пәкістан ядролық оқтұмсықты тасымалдаушы зымыранды ойдағыдай сынақтан өткізді

«Хатф-3» зымыраны (сондай-ақ «Газнави» деген де атауы бар) «жер-жер» класына жатады және 290 шақырым қашықтықтағы нысанаға тигізе алады. «Хатф» зымырандары сериясын жасау өткен ғасырдың 80-ші жылдарында басталған болатын.

Пәкістан президенті Мамнун Хуссейн және премьер-министр Наваз Шариф жергілікті ғалымдар мен инженерлерді зымыранның ойдағыдай ұшырылуымен құттықтады.

22 сәуірде де Пәкістан «Хатф-3» зымыранын сынақтан ойдағыдай өткізген болатын.