Пәкістанда 120 адам аптап ыстықтың құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Карачи елді мекенінде аптап ыстықтан қаза тапқандардың саны 120-дан асты, деп хабарлайды Франс Пресс провинция денсаулық сақтау министрі Саед Магнеджоға сілтемемен.

Пәкістанда 120 адам аптап ыстықтың құрбаны болды

Бұған дейін РИА «Новости» 84 адамның қаза болғанын хабарлаған еді.

«Сенбі күні Карачиде 114 адам ажал құшты. Тағы 8 адам оңтүстіктегі Синд провинциясының үш ауданында көз жұмды», - деді Магнеджо.