Пәкістанда 21 жолаушысы бар микроавтобусты су шайып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстігінде ішінде 21 жолаушысы болған микроавтобусты тасқын су шайып кетті, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Олардың барлығы қаза тапқан. Бұл көлік жолаушылары үйлену тойынан қайтып келе жатқан. Құтқарушылар мерт болғандардың денелерін көліктен шығарып, Ланди-Коталдағы госпитальге жеткізген.