Пәкістанда 3 күн қаралы деп жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандағы Пешавар қаласында лаңкестер әскери училищеге шабуыл жасады.
None
None

Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестердің қолынан 126 адам қаза тапқан, оның жүзден астамы - балалар. Сондай-ақ бірнеше оқушы із-түзсіз жоғалып кеткен. Қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.

Лаңкестік әрекетке байланысты Пәкістанда 3 күн қаралы деп жарияланды. Осыған дейін хабарлағандай, Пәкістандағы Пешавар қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 10 шамасында кем дегенде алты қарулы адам әскери училищенің курсанттарын тұтқынға алған болатын.

Соңғы жаңалықтар