Пәкістанда 5,7 баллдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Пәкістанда 5,7 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Пәкістанда 5,7 баллдық жер сілкінісі болды

АҚШ Ұлттық Геологиялық қызметінің мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Далбандин қаласының оңтүстігіне қарай 147 шақырым және Исламабад қаласының оңтүстік-шығысына қарай 1061 шақырым жерде, 8,3 шақырым тереңдікте болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.