09:00, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Пәкістанда 600 адам терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан полициясы екі күндік контртеррористік рейд барысында 604 адамды ұстады, деп хабарлады NDTV.
Тәртіп сақшылары Хайбер-Пахтунхва пәкістандық провинциясында көп көлемде қару тәркілегені хабарланды.
Ұсталғандардың 125-і Ауғаныстаннан заңсыз келген мигранттар. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 1392 оқу орнын тексеріп, қауіпсіздік шараларын күшейтуге кеңес берген.
Елдің солтүстік-батысында шамамен 150 содыр жойылғаннан бір ай өткен соң шара бастамасы көтерілді.