Пәкістанда 9 айлық бала сот алдында жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда 9 айлық балаға адам өлтіруге әрекеттенді деген айып тағылды. Бала өзінің туғандарымен сот алдында жауап берді.

Пәкістанда 9 айлық бала сот алдында жауап берді

Бұл адамдарға олар отын компаниясының қызметкерлеріне олар үйге газ есепшоттарын жөндеуге келгенде тас лақтырған деген айып тағылды. Осы оқиғаның куәгері болған полиция инспекторы рапорт жазып, онда болған жағдайды адамды өлтіру үшін жасалған қастандық деп көрсеткен. Ол тізімде жасқа толмаған баланы да айтқан.

Отбасының адвокаты полицияны біліксіз деп айыптап, балаға қарсы айыптардың бәрі алынып тасталуы керек деп мәлімдеді. Ақыр соңында, рапорт жазған инспекторды осы істен шеттетіп, баланы кепілдікпен босатты. Соған қарамастан, сәби соттың келесі отырысына қатысуы тиіс.