11:19, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Пәкістанда «Әл-Кайеда» бөлімінің басшысы өлтірілді
ИСЛАМАБАД. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - «Әл-Кайеданың» Пәкістан бөлімінің басшысы мен ұйымның тағы бір жоғары лауазымды мүшесі өлтірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап. АҚШ-тың Лаңкестікпен күрес жөніндегі департаментінен хабарлағанындай, Усама Кини мен Шейх Сәлім Суеданның өлтірілгеніне біраз болған және сондықтан да олардың тұлғаларын анықтауға біршама уақыт кеткен.
Усама Кини Исламабадтағы «Мэриотт» қонақүйінде былтыр болған жарылысты ұйымдастырған деп айыпталған болатын. 2008 жылдың қыркүйек айында бомба салынған жүк көлігі қонақүй ғимаратына соғылып, оқиға салдарынан 55 адам мерт болған еді.