Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Пәкістанда әлемдегі акварель бояумен жасалған ең үлкен картина көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Акварельмен орындалған ең үлкен картина Пәкістанда Хан Абдула Вали Мардан университетінің бас кітапханасына ілінді.

 Пәкістанда әлемдегі акварель бояумен жасалған ең үлкен картина көрсетілді

Картина Азияда алғаш рет өткен «Қоғамдық ғылым» көрмесі уақытында ұсынылды және оны  Pak China Friendship Centre-де әлеуметтік ғылымдарды жылжыту бойынша университетаралық консорциум ұйымдастырды. Картинаның ұзындығы 19,3 метр. Өнер туындысымен 35 халықаралық және ұлттық суретшілер еңбек етті.

Бұдан бұрынғы әлемдік рекордтқа ие суреттің ұзындығы 13,7 метр  болған, ол Түркияда көрсетілген еді.