09:35, 06 Қаңтар 2015 | GMT +5
Пәкістанда антитеррорлық сот өлім жазасына кесілген үкімді орындатқан жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан үкіметі 10 жыл бұрын абайсызда кісі өлтіргені үшін сотталған 24 жастағы Шафхат Хусейнге тағайындалған өлім жазасын белгілі уақытқа дейін кейінге шегеру туралы шешім шығарды, деп хабарлады ВВС.
Антитеррорлық соттың сот үкіміне сәйкес, жас жігіт 2 қаңтарда өлім жазасына кесілуі тиіс болатын.
Елдің ІІМ-нің хабарлауынша, министрліктен оның қылмыстық ісі туралы жаңа ақпарат анықталып, оған жаза тағайындамау туралы жаңа шешім қабылданды. Британдық «Reprieve-тің» хабарлауынша, Хусейн тергеу орындарының қатты азаптауынан кейін кінәні еріксіз мойынына алған.