Пәкістанда әскерилер мінген автобус апатқа ұшырады

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Әскери қызметшілер мінген автобус Пәкістанның солтүстік-батысында орналасқан Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Инд өзеніне құлады.
None
None

Оқиғаның салдарынан кем дегенде 24 адам мерт болды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші қиын бұрылыста рульге ие бола алмай қалды, салдарынан құздан құлады, деп хабарлады Утро.ру. «Қаза болған 24 адамның барлығы - пәкістандық әскери қызметшілер, біз құтқару жұмыстарын бастадық және армиядан зардап шеккендер мен қаза болғандардың денелерін әуе жолымен Равалпинди қаласына жеткізуге көмек сұрадық», - деді Кохистан билігінің өкілі Акал Бадшах.

Соңғы жаңалықтар