Пәкістанда автобус апаты салдарынан 42 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандағы жол-көлік апатынан қаза болғандардың саны 42-ге дейін жетіп, 17 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
None
None

Бүгін таңертең 27 адамның ажал құшқандығы жайында хабарланған болатын.

Бұл жол-көлік оқиғасы жексенбі таңертең Суккур қаласынан 44 шақырым жерде орын алды. Дера-Гази-Хан қаласынан бағыт алған автобус жүк көлігін басып озуға талпынған көрінеді, алайда оның нәтижесінде жолаушылар көлігі осы жүк көлігімен соқтығысып, апатқа ұшарады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылар автобустан шыға алмай, қамалып қалған. Адамдарды алып шығу үшін оқиға орнына жеткен құтқарушыларға автобусты бөлшектап кесуге тура келді, деп жазады Росбалт.

Соңғы жаңалықтар
Референдум