Пәкістанда автобус жарылып, салдарынан кем дегенде 15 адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында автобустың жарылуы салдарынан кем дегенде үкіметтің 15 қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Рейтерге сілтемемен РИА Новости.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметтерінше, оқиға сәрсенбі күні таңертең, автобус Мардан қаласынан Хайбер-Пахтунхва Пешавар провинциясының әкімшілік орталығына барған кезде орын алған. Сонымен бірге зардап шеккен ондаған адам туралы хабарланып отыр.

Dawn басылымының хабарлауынша, жарылғыш зат автобустың ішіне салынған.

Жарылыс үшін жауапкершілікті аймақтағы әлі бірде бір лаңкестік ұйымы алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram