Пәкістанда автобусты жарып жіберді - 7 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунхва провинциясында автобуста болған жарылыс 7 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлады кеше, 2 қазанда Associated Press жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Полиция бастығының мәліметтеріне қарағанда, бұған қоса тағы үш адам жараланған.
Алдын ала болжам бойынша жарылғыш зат отырғышқа бекітілген.