Пәкістанда автобустың апатынан 30-дан астам адам қаза болды
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Пәкістанда автобустың электр желісі бағанасына соғылып, аударылуы салдарынан 32-ден кем емес адам қаза болды, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс полиция өкіліне сілтеме жасап.
Зулификар Чимнің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасына жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізушінің алаңғасарлығы себеп болған.
«РИА Новостидің» жазуынша, аталған көлік Лахорадан Файсалабадқа бағыт алған көрінеді. Автобуста барлығы қанша адам болғаны хабарланған жоқ.