Пәкістанда бақылау-өткізу бекетінде болған жарылыстың салдарынан 17 адам қаза болды

АСТАНА. 24 наурыз. Пәкістанда бақылау-өткізу бекетінде лаңкес-жанкешті жасаған жарылыстың салдарынан 17 адам қаза болды. Оқиға Солтүстік Уәзірстан провинциясындағы Мираншах қаласында болған. Қаза болғандардың барлығы - әскери қызметкерлер, деп хабарлайды РБК.
None
None

«Жарылыс бақылау бекеті ғимаратының жартысын жойып жіберді. Жанкешті жарылыс құрылғысын жасыру үшін суға арналған бөшкені пайдаланған», - деп мәлімдейді Пәкістанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірі құпия түрде.

Лаңкестік үшін жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Солтүстік Уәзірстан - орталық үкіметпен дүрдараз қарым-қатынастағы пуштун тайпалары бақылайтын Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы өңір.

Соңғы жаңалықтар