Пәкістанда белгісіз біреулер жолаушылар ұшағына оқ жаудырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Пешавар қаласының әуежайында белгісіз біреулер сейсенбі күні кешке Boeing-756 жолаушылар ұшағына оқ жаудырды.
Оқ ұшақты тесіп өтіп, 2 стюард пен бір жолаушы әйелді жаралады. Жолаушы көп ұзамай ауруханада жан тапсырды, деп хабарлады «Доон» газеті. Белгілі мәліметтері бойынша, аталған оқиға ұшақ ұшып бара жатқан кезде орын алған. Бортта 196 жолаушы болған. Жергілікті биліктегілер бұл ақпаратты растап, "бұл осы өңірдегі үйреншікті жағдай" деп қысқа қайырды. Полиция аталған оқиғаны тергеуге кірісті. Бұған дейін маусымда «Талибан» қозғалысының жауынгерлері Карачи әуежайына шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 22 адам қаза тапты.