Пәкістанда БҰҰ кеңсесінің жанында жарылыс болды
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның астанасы Исламабадта БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы кеңсесінің жанында бүгін жарылыс болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті полицияның деректері бойынша, кемінде екі адам мерт болған, тағы бірнеше адам жарақаттанған. Оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдардан халықаралық миссия үйінің терезелері қирағаны және өрттің түтіні көрініп тұр. Тергеу жүргізілуде.