Пәкістанда екі қазақстандықтың ұсталғаны туралы ақпарат тексерілуде - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Пәкістанның Гужрат қаласында виза тәртібін бұзғаны үшін қолға түсті деп хабарланған адамдардың арасында екі қазақстандықтың бар-жоғын ресми түрде тексереді.
Шетелдік БАҚ таратқан дереккөзге сүйенсек, «Таблиг Марказы» (Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» радикалды діни қозғалысы жақтаушыларының оқу ғимараты) семинариясында білім алған 24 шетелдіктің екеуі - Қазақстан Республикасының азаматтары.
«Бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми ақпарат алғанымыз жоқ. Дәл қазір бұл деректің рас-өтірігін ресми түрде тексеру үстіндеміз»,-деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.