Пәкістанда екі пойыз соқтығысып, ең кемі 17 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда екі жолаушылар пойызы - Zakaria Express пен Fareed Express соқтығысып, ең кемі 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды Dawn басылымы.
Отыздан астам адам түрлі деңгейде жарақат алды және көптеген жолаушы үйінді астында жатыр.
Қазіргі уақытта құтқарушылар жолаушыларды үйінді астынан шығару жұмыстарын жүргізуде. Карачи және өзге де қалалармен темір жол қатынасы уақытша тоқтатылды.