Пәкістанда екі жарылыс болды, 40 адам қаза тапты

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында болған екі жарылыстың салдарынан ең аз дегенде 40 адам қаза болып, ондаған адам жараланды, деп хабарлайды ВВС компаниясы.

Пәкістанда екі  жарылыс болды, 40 адам қаза тапты

Оқиға Ауғанстанмен арадағы шекара маңында, тайпа көсемдерінің бақылауындағы аумақта болған.

Нақты айтар болсақ, ақсақалдар кеңесі өтіп жатқан Мохманд ауданының жергілікті әкімшілік ғимараты шабуылға ұшыраған. Ресми тұлғалардың пайымдауынша, жанкештілердің көздегендері - пәкістандық үкіметпен ынтымақтасатындар болған.