Пәкістанда фабрика қирап, жүздеген адам үйінді астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда Лахор қаласы маңындағы фабриканың қирауы салдарынан кемінде 16 адам көз жұмды, деп хабарлайды Би-би-си.

Пәкістанда фабрика қирап, жүздеген адам үйінді астында қалды

100-ден астам адам үйінді астында қалды.

Құтқарушылар ауыр техниканың көмегімен үйінділер астынан шамамен 40 адамды алып шықты. Әскерилер тірі қалғандарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Әзірге фабрика ғимаратының бұзылуына не себеп болғаны белгісіз. Кейбір болжамдар бойынша, оған Пәкістанда салдарынан 270 адам ажал құшқан қазан айында болған жер сілкінісінен ғимараттың конструкциясының бүлінуі себеп болған.