Пәкістанда ғимарат құлап, үш адам мерт болған, 19-ы үйінді астында қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні Пәкістанда Азад Кашмир штатындағы Мирпур округінде салтанат сарайының ғимараты опырыла құлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Geo.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Пәкістанда ғимарат құлап,  үш адам мерт болған, 19-ы үйінді астында қалды

Апат салдарынан үш адам қаза тапты, үйінді астында қалған 19 жұмысшы құтқарылды.

Телеарнаның деректеріне қарағанда, оқыс оқиға кезінде 50-ден астам жұмысшы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылданып жатқан. Мерт болғандар арасында ғимараттың иесі мен оның ұлы болған.