Пәкістанда қар көшкіні 100-ден астам әскери қызметкерді басып қалды

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Пәкістанда Гималай тауларының аумағында қар көшкіні 100-ден астам әскери қызметкерді басып қалды.
None
None

Бұл туралы пәкістандық Төтенше жағдайлар министрлігінің аты аталмаған қызметкері таратқан хабарламаға сілтеме жасай отырып, Associated Press хабарлады.

Оқиға пәкістандық және үндістандық әскерилердің базалары орналасқан Үндістан шекарасындағы Сиачен мұздығында болды.

Пәкістан Төтенше жағдайлар министрлігінің апаттың салдары туралы ресми мәлімдемесі баспасөзде әлі шыққан жоқ, сондықтан әскерилердің тағдыры мен олардың нақты саны белгісіз болып қалуда. Болжам бойынша қардың астында 100-ден 150-ге дейін әкери қызметкер болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар