Пәкістанда Карачи әуежайын басып алған содырлар түгел өлтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан билігі Карачи қаласында содырлар басып алған әуежай азат етілді. Шабылдаушылардың барлығы да бес сағатқа созылған атыс барысында қаза тапты, деп хабарлады Би-Би-Си.
Жалпы шабуыл барысында 23 адам қаза тапты. Олар негізінен, әуежай қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен авиакомпания жұмыскерлері.
Өлтірілген содырлардан ракеталық қондырғы мен бірнеше автоматтар тәркіленді. Олар жүкті әуе жолымен тасымалдаужәне VIP-рейс үшін пайдаланылатын ұшақжай мен әуежайдың ескі терминалын басып алмақшы болған. Бұдан бұрын хабарланғандай, түнде пәкістандық Карачи әуежайы қаруыл адамдардың құрсауында қалған болатын.