Пәкістанда қарулы шабуыл салдарынан 11 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Исламабад сот ғимаратына шабуыл кезінде 11 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жанкешті белдігін таққан екі белгісіз адам Пәкістан астанасындағы сот ғимаратына басып кірген.
«Олар автоматтан оқ жаудырып, граната лақтырған. Осыдан кейін жанкештілер өздерін жарып жіберген», - деп хабарлады Ассошиэйтед пресс агенттігі Пәкістан полициясына сілтеме жасап.