Пәкістанда қонақүйден шыққан өрттен 12 адам қаза тауып, 110 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандық Карачи қаласындағы өрттен зардап шеккендер саны 110 адамға дейін көбейді, 12 адам қаза тапты, деп хабарлады Geo TV телеарнасы.
None
None

Телеарнаның атап өтуінше, 30 адамның жағдайы өте ауыр. Зардап шеккендердің саны артуы да мүмкін. Ал бұдан бұрын 11 адам ажал құшып, 50-і- жараланғаны хабарланған болатын.

 Дүйсенбі күні Regent Plaza қонақүйі отқа оранды. Бірінші қабаттағы асханадан шыққан өрт 7 қабатқа дейін көтерілген.

Зардап шеккендердің арасында үш шетелдік бар.

Тілсіз жау ауыздықталды. Өрттің шығу себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: © FreeImages.com Content License

Соңғы жаңалықтар