Пәкістанда лаңкес бомба жарды, бес адам қаза тапты

АСТАНА. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында жанкешті лаңкес Банну қаласының маңындағы полиция учаскесінде жарылғыш құрылғыны іске қосты,

Пәкістанда лаңкес бомба жарды, бес адам қаза тапты

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

 Алдын ала деректер бойынша кемі бес адам қаза тапқан, жарақат алғандар да бар, олардың саны нақтылануда.

 Мина қойылған жүк мәшинесі жарылған кезде полиция ғимараты және бірқатар құрылыстар зақымданған. Оқиға орнында жедел қызмет мамандары жұмыс істеуде.