21:50, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Пәкістанда лаңкес-жанкешті жаназа үстінде өзін жарып жіберген, 30 адам қаза тапты
ИСЛАМАБАД. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Пәкістанның солтүстік-батысында бүгін таңертең орын алған жарылыстың салдарынан кемі 30 адам қаза тапты және 60 адам жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Лаңкес-жанкешті кеше өлтірілген шиіттердің көсемі Шара Заманды жерлеу кезінде өзін жарып жіберген. Мәйітпен қоштасуға мыңға жуық адам жиналған болатын. Зардап шеккен көптеген адамдар ауыр халде жатыр.