Пәкістанда лаңкестер кинотеатрды көрермендерімен қоса жарып жіберді

АСТАНА. қазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында оқыс оқиға орын алды. Пешаваре қаласында белгісіз топ жергілікті кинотеатрға гранат жаудыртқан. Зал толы көрермен өрт құрсауында қалды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Пәкістанда лаңкестер кинотеатрды көрермендерімен қоса жарып жіберді

10 адам қаза тауып, 30-ы аса ауыр жарақат алды. Шабуыл жасағандар жасырынып үлгерген. Жартылай құлаған ғимаратты полицейлер мен әскерилер қоршауға алды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл лаңкестік әрекетті әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ. Алайда билік оны ойын-сауық әуесқойларына соғыс жариялаған діни экстремистер ұйымдастырды деп отыр.