Пәкістанда лаңкестер мешітке шабуыл жасады: 40-тан астам адам қаза тапты

АСТАНА. Желтоқсанның  5-і.  ҚазАқпарат -    Жұма күні   Пәкістанның    Равалпинди   қаласында болған        лаңкестік  әрекеттің салдарынан  қаза болғандардың ішінде     ел армиясының екі генералы,  сондай-ақ жоғары лауазымды төрт әскери  қызметкер  болған. 
None
None

Бұл туралы   Пәкістанның Қорғаныс министрлігінің  ресми өкіліне сілтеме  жасап  ИТАР-ТАСС агенттігі     хабарлады.

 Пәкістанның  серік  қаласы - Равалпиндидегі мешітке  жасалған    шабуылдың  салдарынан   барлығы 45 адам  қаза тапты,    тағы 40-тан  астам адам  түрлі  жарақат алды.     Пәкістандық арнаулы жасақ    осынау шабуылға жатысқан    экстремистердің    көзін  жойды. 

 Бұдан бұрын  хабарланғандай,     мұздай қаруланған  жеті содырдан  тұратын   экстремистер тобы   мешітке  жұма  намаздың  үстінде кіріп барып, адамдарға оқ  жаудырған.   Шабуыл  кезінде  мешітте мыңдаған  адам  болған,  олардың   ішінде   көп офицерлер  мен   олардың отбасы мүшелері     болған.

Соңғы жаңалықтар