Пәкістанда лаңкестік әрекеттің салдарынан 20 адам қаза тапты

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і.  ҚазАқпарат -    Пәкістанның Лахор қаласында      дүйсенбі күні  болған  жарылыстың  құрбандарының саны  20 адамға жетті   және    80-нен астам жаралы   тіркеліп  отыр.

Пәкістанда лаңкестік әрекеттің салдарынан  20 адам  қаза тапты

Бұл туралы журналистерге қаланың  құтқару  қызметінен  хабарлаған.     Зардап шеккендердің   жартысынан  астамы -  әйелдер  мен  балалар.

Кеше кешке   Пәкістанның мәдени орталығы - Лахор   қаласында,    қаланың  орталығындағы   базарлардың бірінде  екі  үлкен  жарылыс   болды.     Жарылыс   екпінімен   он шақты  дүкен  мен  сауда  шатырлары  толық қирады.  Оқиға  орнында    үлкен   өрт   болып,  оны    өрт сөндірушілер  әрең ауыздықтады.

Пәкістандық      экстремист-тәлібтер  ел өкіметінің  Ауғанстанмен шекаралас  Оңтүстік Уәзірстан ауданында   жүргізіп жатқан       лаңкестікке қарсы  операциялары  үшін    осылайша  кек алуда,    деп хабарлайды ИТАР- ТАСС агенттігі.