Пәкістанда лаңкестік салдарынан 42 адам қаза тапты
АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы Чарсадда қаласында жасалған лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандардың саны 42 адамға жетті,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
100-ге жуық адам жарақат алды. Қаза тапқандардың арасында - базарлап жүрген әйелдер, тағы бірнеше бала бар.
Полиция өкілінің айтуынша, бомба жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікке қойылған болып шықты. Лаңкестік үшін жауапкершілікті «Техрик и талибан Пәкістан» қозғалысының содырлары өз мойындарына алып отыр.
Чарсадда қаласындағы лаңкестікке байланысты Пәкістан полициясы мен арнайы қызметтерінің барлық күштері жоғары дайындық жағдайына келтірілді.