Пәкістанда лаңкестік салдарынан кемінде 48 адам мерт болды

ПЕШАВАР. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат – Пәкістанның солтүстік-батысында болған лаңкестік салдарынан кемінде 48 адам мерт болды,

Пәкістанда лаңкестік салдарынан кемінде 48 адам мерт болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті өкімет орындары өкілдерінің хабарлауынша, жанкешті-лаңкес Жамрұд қаласының маңындағы мешіттердің бірінде өзін жарып жіберген. Лаңкестік кезінде мешітте жұма намазына жиналған жамағат көп болған. Құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін.